Жамбыл облысы Қордай ауданында тұрғындар көшеде ойықтың кесірінен құлап жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны Imedia.com.kz парақшасына оқырмандар жіберген. Көшеде жаңбырдан кейін шалшық пайда болған. Сол шалшықтың кесірінен адамдар ойықтарды байқамай, құап, киімдерін бүлдіріп алып жатыр. Ауыл тұрғындары әкімдік осы проблемаға назар аударуын сұрады.
Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Марат Тұрыспаев бұл видеоға қатысты пікір білдірді.
"Қардың еруі мен жауын-шашынның көп болуы, сондай-ақ арық жүйесінің тозуы салдарынан Төле би көшесінде ағынды сулар көп жиналып қалған. Көп жағдайда бұл жеке кәсіпкерлердің сауда нүктелерін салу кезінде сәулет-құрылыс нормаларының өрескел бұзылуына, атап айтқанда, "қызыл сызықтың" шекарасының бұзылуына, су бұру жүйелерінің бітелуіне немесе көміліп қалуына байланысты. Қордай ауылдық округінің әкімдігі бұл суды сорып шығарды. Қордай ауылындағы Төле би көшесін абаттандыру және су бұру жүйесін жөндеу жұмыстары 2024 жылға жоспарланған. Бүгінгі таңда жоба мемлекеттік сараптамаға жіберілді", - дейді аппарат басшысы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз