1 маусымда Қордай ауданында Lexus пен Tank 500 көліктері жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл облысы Полиция департаменті өкілі мән-жайды айтты.
"Алдын ала мәлімет бойынша Lexus көлігінің жүргізушісі жол жиегіндегі қоршауға соғылып, кейін көлік айналып кетіп, жол үстінде тоқтап қалған. Сол сәтте тасжолмен келе жатқан Tank 500 тоқтап үлгермей, Lexus-қа соқтығысқан", - деді ведомство өкілі.
Оқиға салдарынан Lexus жүргізушісі қаза тапқан, ал кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жатқызылған.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарап жатыр. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!