Қорада бір қап марихуана сақтаған Шу тұрғыны ұсталды

Қорада бір қап марихуана сақтаған Шу тұрғыны ұсталды
Фото: Видео кадры

Жамбыл облысында жазғы асүйде бір қап марихуана сақтаған Шу ауданының тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Есірткі заттарын заңсыз дайындап, аса ірі мөлшерде сақтау дерегі бойынша полиция қызметкерлері Шу ауданының 41 жастағы тұрғынын ұстады.

"Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде есірткі қойылған бірнеше жасырын орын табылды. Күдікті жазғы асүйде бір қап марихуана сақтаған, ал тағы бір қап шөп жиналған қорадан табылған", - деп жазылған хабарламада.

Барлығы 6 келі 132 грамм кептірілген марихуана тәркіленді.

Күдікті кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова