Қор нарығында доллар тағы арзандады

Қор нарығында доллар тағы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,88 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 511,18 теңге.

Ұлттық банктің 7 ақпанға ұсынған ресми бағамы - бір долларға 515,31 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,30 теңге. Еуро - 533,96.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы - 514 теңге. Еуро 531 - 536 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы - 511,9 теңге, сатып алу құны - 517 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!