Жұлдыз Абдукаримова күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында айтты.
"Мен бұл жаңалықты басқаша бөлісем деп елестеттім: жоғары көңіл күй, шарлар, торт, әдемі көйлек, жақын жандар... Бірақ бәрі біз ойлағандай бола бермейді екен. Жарайды, хайырлысы. Көп созбай айтайын, әлде шарымды, тортымды дайындап, көйлегімді киіп алып айтайын ба?" - деп жазған ол парақшасында.
Ол оқырмандарының тілеп жүрген арманы орындалғанын, бесінші баласын "көтергенін" айтты.
"Тууу, болш енді, тез айтшы" деген дауыстарды естіп жатырмын. Сіздердің көптен бері тілеп жүрген, сұрап жүрген, күтіп жүрген жаңалықтарыңыз орындалды! Мен #бесіншібаламды "көтердім". Қалған сезімдерімді келесі жазбаларымда айтып берермін. Себебі бір постқа сыймайтындай-ақ историясы бар..." - дейді Жұлдыз Абдукаримова.
Желі қолданушылары Жұлдыз Абдукаримованы құттықтап, пікір қалдырған. Олардың ойынша, жазба бала туралы емес, жаңа жоба туралы болуы мүмкін.
"Үйтіп-бүйтіп жүріп, бесіншісің көтерттік-ау. Құтты болсын, салиқалы ұрпақтан болсын", "Астарлап басқа нәрсені айтып тұрғандай", "Бесінші балаң жеке бизнесің болар. Жұрттар "моё детище" деп қояды ғой", "Тырнақша белгісімен тұр ғой, қалайша тура мағынасында қабылдап отырсыздар", "Егер Клара Кузденбаева ханымның болжамы дұрыс келсе, онда ұл болады. Ал құтты болсын! Сәби күтіп жүргендерге жұғысты болсын", "Ай, аңқау қазағым-ай, "көтердім" тырнақшада тұр ғой. Астарлап басқа нәрсені айтып тұр ғой, бірақ точно бала емес", - деп жазған пікір қалдырғандар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!