Үш жыл бұрын тұрмысқа шыққан танымал әнші Тамара Асар Желідегі парақшасында жұбайымен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші оқырмандарының бірінің сұрағына жауап беріп, неге таныстық туралы толық айтпайтынын түсіндірген. Оның сөзінше, жұбайымен әуежайда танысқан әрі ол сол кезде түскен суретті де жариялаған.
"Шымкент аэропортының VIP залында... Мүмкін, кейін айтып берермін. Екеуміз де ересек адам болған соң ертегі қылып, жырлап жазуға ыңғайсызданамын", - деп түсіндірген ол.
Бір қызығы жолдасы Тамара Асардың әнші екенін көпке дейін білмепті.
"Мен жайында түк білмеді, көпке дейін түсінбей жүрді. Қостанайдың 65 пайызы мені танымайды. Көшеде, базарда, дүкенде еркін жүре беремін", - деп жазған ол.
Сондай-ақ, әншінің оқырмандарының бірі одан жұбайының ересек балалары туралы сұраған.
"Иә, бар, шүкір" - деп жауап берген ол.
Еске салайық, бұған дейін Тамара Асар қызының бір жас тойында ерекше дәстүр көрсеткені хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!