- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көпқабатты үйдің кіреберісінде...
Көпқабатты үйдің кіреберісінде балаларымен ұйықтап қалған әйел ата-ана құқығынан айырылды
Ақтаудағы көпқабатты үйдің кіреберісінде бетон еденде екі кішкентай баласымен ұйықтап жатқан әйел екі айдан кейін ата-ана құқығынан шектелді. Бұл туралы білім басқармасының балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Жұлдыз Ағманова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
Екі баланың анасы 38 жаста. Ол Ақтауға Жамбыл облысынан жұмысқа келген. Онда ол пәтер жалдаған. Қазір төрт жасар үлкен баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында. Екі жасар қызы балалар үйінде.
Әйелді әңгімелесуге шақырғанда да мас болып келген. Осы уақыт аралығында ол балаларына бір-ақ рет барған.
Жұлдыз Ағманова балаларды әйелдің інісі қамқорлығына алмақшы.
"Ол бұл үшін қажетті құжаттарды жинайды. Одан кейін Алматыдағы мекемелер тексеру жүргізеді. Оның қорытындысынан кейін балаларға қамқоршы болуға рұқсат береміз", - деді ол.
Еске салайық, оқиға 2023 жылғы 17 шілдеге қараған түні болған. Видео авторының сөзінше, көпқабатты үйдің подъезінде мас әйел жатыр, қасында тағы екі кішкентай баласы бар. Оқиға куәгерлері полицияға хабар берген. Ал балалар жаурап қалмауы үшін үйіне кіргізбек болған, алайда балалар кіргісі келмеген. Куәгерлер балаларға төсеніштер әкеліп берген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан