Адам бойындағы қасиеттердің көпшілігі балалық шақта қалыптасады. Көбіне оған оның айналасы әсер етеді: ата-анасы, бауырлары, туысқандары. Көпбалалы отбасыда өскен адамдарда жиі кездесетін қасиеттерді ұсынамыз.
Командада жұмыс істей алады
Көпбалалы немесе үлкен отбасыда өскен адамдар әдетте командада жақсы жұмыс істейді және олардың жауапкершілігі жоғары: олар үнемі көмекке келуге дайын және келісімге келе алады. Сондай-ақ тек өзінің қара басының емес, оның шешімі өзіне қымбат адамдарға қалай әсер ететінін ойлайды.
Жанжалдарды шеше алады
Көпбалалы отбасыда өскен бала бір үйде тұрып бір рет болсын жанжалдаспау мүмкін емес екенін біледі. Балалық кезде бауырлар бір-бірімен ұсақ-түйек нәрселер үшін сөзге келіп қалады. Сондықтан олар кішкентай кезінен бастап өз ойын айтып, кейде кінәсін мойындап достасуды біледі. Мұндай отбасыда өскен адамды қандай да бір жанжал қорқыта алмайды, олар кез келген жағдайдың шешімі болатынын анық біледі.
Жылдам бейімделеді
Көпбалалы отбасыда өскен адам кез келген өмірлік жағдайларға жылдам бейімделуді үйренеді. Ол өзгерістерді қабылдайды және қиындықтармен күреседі.
Адамдардың тілін таба алады
Үлкен отбасыдан шыққан адамдардың көпшілік басқалардың тілін оңай табады. Олар әдетте көпшілік ортадан қорықпайды және тез сіңісіп кетеді. Сондай-ақ олар кез келген жастағы адаммен сөйлесіп кете береді. Сондай-ақ олар әдетте өздерінің де, басқалардың да эмоцияларын жақсы таниды. Олар сезімін ашық білдіре алады, біреу өзін нашар сезінсе, оны бірден байқап қояды және аяушылық білдіре алады.
Жалғыз қалғанды жақсы көреді
Үлкен отбасыдан шыққан кей адамдар жалғыз қалғанды және тыныштықта сүйікті ісімен айналысқанды жақсы көреді. Бірақ әдетте олар ұзақ уақыт жалғыз қалып қойса, іші пысады немесе көңіл күйі болмайды.
Шыдамдылық
Шыдамдылық – үлкен тәжірибемен келетін қасиет. Көпбалалы отбасыда өскен адамдар өздерінің бұл қасиетін тиімді дамытады. Олар айналасындағыларға шыдамдылық танытуға тырысады.
Тапқырлық
Үлкен отбасыда өмір сүру баланы тапқыр болуға итермелейді. Мысалы, басқалардан қандай да бір затын ешкім таба алмайтындай тығып қою және т.б әрекеттерге бару арқылы өзінің тапқырлығын дамытады. Бұл оның болашақта креативті идеяларды жүзеге асыруына көмектесуі мүмкін.
Өзін қорғай алады
Көпбалалы отбасыда өскен адамдар жиі өз-өзін қорғай алады. Бұл физикалық та, психологиялық та жағдайға қатысты.
Еске салайық, Түркістан облысында 40 жастағы әйел 11-баласын дүниеге әкелді.
Тағы оқи отырыңыз: Жақыны қайтыс болған адамға қалай көңіл айту керек?