Көпбалалы аналар Нұр-Сұлтан әкімдігінде кәсіпкерді соққыға жықты

Көпбалалы аналар Нұр-Сұлтан әкімдігінде кәсіпкерді соққыға жықты

Елорда әкімдігінің ғимаратында жеті көпбалалы ана ер адамды соққыға жықты. Оқиғаның видеосы Қазнетте тарап кетті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, әйелдер мемлекеттік органға тұрғын үй мәселесі бойынша келген. Алайда олар құрылыс саласындағы кәсіпкермен кездесіп қалып, араларында жанжал туындаған. Кейін әйелдер шығаберісті жауып, ер адамға тап берген.

"Жанжалға қатысушылар полицияға бір-біріне арыз түсірген. Бұл дерек "Сарыарқа" ауданының полиция басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылданады", - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шәуленова.

Г. Досымшалова