Оралдық көпбалалы ана Эверест шыңын бағындырды. Ол бұл сапарын кенже қызы 2-ге толғанда бастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Мәдина Ақтаубаева 39 жаста, ол - төрт баланың анасы. Ол саяхатты былтыр Маңғыстау облысынан бастаған.
"Батыстың кереметін көру үшін алғаш рет отбасым мен бала-шағамды жеті күнге қалдырып кеттім. Маған шатырдағы атмосфера, таза ауа, сыртта пісірілген тағамдар ұнады. Ақтауда бір қызды кездестірдім, келесі сапарымыз Эверестке болады деп шештік. Қазанда билет брондадық, ақпанда гид сәуірдің аяғында тауға барамыз деп жазды. Аздап шокта болдым. Әрине, мен сапарды жоспарладым, бірақ балаларды үш апта бойы қалай қалдырып кетемін? Жолға шыққанда кенже қызым екі жаста еді. Бұл жағдайда анам мені қолдады. Мен үшін сынақ болды. Дайын емес едім, командада спортшылар, бір жыл бойы жаттығу залынан шықпағандар болды. Ал мен жүруді ұнатсам, демек осы жолға күшім жетеді деген аңғал шешім қабылдадым. Дәрі-дәрмек тізімі жасалғанда, мен саумын, бәрі дұрыс, жақсы деп айттым, кейін тау ауруына тап болдым (оттегінің жетіспеуі - еск)", - деді саяхатшы.
Әйелдің айтуынша, ол тәжірибесіз-ақ тауға оңай көтерілемін деп ойлаған. Бірақ теңіз деңгейінен үш мың метрден аса биіктікте ол бас ауруына тап болған.
Көпбалалы ананың айтуынша, Эверестің базалық лагеріне шамамен он бір күнде тауға бейімделу керек, күніне шамамен 7-8 сағат жаяу жүру қажет.
Мәдина тауда тұратын шерптерге таңғалғанын айтады. Олар өздерімен бірге ауыр салмақ арқалап жүреді, ал көлік орнына жылқы, сиырды пайдаланады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!