- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Режиссер өлімі
Көп темекі шеккен. Танымал кинорежиссер қайтыс болды

Нуар стиліндегі сюрреалды детективтік фильмдердің шебері, аты аңызға айналған америкалық кинорежиссер Дэвид Линч 78 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.
"Ол кеткеннен бері әлемде үңірейген үлкен тесік пайда болды. Бірақ ол өзі айтқандай: "Тесікке емес, бәлішке қараңыз"", - деп жазды оның отбасы Facebook-тегі жазбасында.
Линч американдық кинематографияда ерекше із қалдырды. Ол студент шағынан режиссерлік жолын эксперименталды қысқаметражды фильмдер түсіруден бастаған болатын. Оның сюрреализмдік алғашқы фильмі "Eraserhead" (1977) - "Өшіргіш бас" болды. Режиссердің бұдан бөлек бәрі білетін алғашқы толықметражды фильмі "The Elephant Man" (1980) - "Піл адам". Фильм "Оскар" номинациясына ұсынылған.
"Dune" (1984) - "Дюна" фильмі, Фрэнк Герберттің ғылыми-фантастикалық романынан түсірілген "Blue Velvet" (1986) - "Көк барқыт" сынды туындылары бар.
Линч трансцендентальды медитацияға да қызығушылық танытып, 2005 жылы саналы білім мен бүкіл әлемдегі бейбітшілікке арналған Дэвид Линч қорын құрды. Сонымен қатар ол сурет салумен айналысты, альбомдар шығарды (оның ішінде Джули Круз, Ликке Ли және Карен О-мен бірлескен жұмыстар), YouTube-та ұзақмерзімді ауа райы болжамын жасады және 2011 жылы Парижде түнгі клуб ашты.
2018 жылы The Guardian басылымына берген сұхбатында ол өзінің оқшауланған өмір салтын былай түсіндірді: "Маған фильм түсіру ұнайды. Маған жұмыс істеу ұнайды. Бірақ көшеге шыққанды онша жақсы көрмеймін".
2024 жылы Линч көп жылдық шылым шегу әдеті ауыр эмфизема ауруына әкелгенін мойындады.
Линч төрт рет үйленген және "Көк барқыт" фильмінің жұлдызы Изабелла Росселлинимен ұзақ қарым-қатынаста болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Литпин