- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көп сөйлейсің". Әлімханұлы...
"Көп сөйлейсің". Әлімханұлы мен қарсыласы Желіде жанжалдасты
Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен ұлыбританиялық қарсыласы Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) Twitter желісінде жанжалдасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бәрі Жәнібек қарсыласын нокаутқа түсіруге уәде бергенінен басталды.
"Жекпе-жекке бір ай қалды, қарсыласымды нокаутқа түсіруге дайынмын. Дензел, бапкеріңе дер кезінде орамал тастау керегін айт!" - деп жазған еді Әлімханұлы Twitter-де.
"Сен көп сөйлейсің, келесі айда дайын бол! Сен нокаутқа түсетін жалғыз адам боласың!" - деп жауап берді Бентли.
"Біз сені зерттеп қойдық! Біз сенің барлық осал тұсыңды білеміз. Бір айда стиліңді өзгерте алмайсың деп ойлаймын. Оңай жұмыс, иншаАлла. Тек жақсылап дайындал. Мен сені бірінші раундта нокаутқа түсіргім келмейді", - деп жалғастырды қазақстандық боксшы.
"Зерттеуді жалғастыра бер. Сені нокаутқа түсіру үшін маған сенің әлсіз тұстарыңды білудің керегі жоқ! 12 қарашаға дейін аз уақыт қалды, сондықтан сөзді доғар да, "оқуыңа" орал", - деп жауап берді Бентли.
Loool you talk to much just be ready next month! You’ll be the only person getting knocked out! https://t.co/PU7Jp1KJaR
— Denzel Bentley (@2Sharp_d) October 10, 2022
Keep studying ? I don’t need to know your weak points to knock you out! Nov 12th isn’t long so stop talking now and get back to your studies https://t.co/2VVOPuWWf1
— Denzel Bentley (@2Sharp_d) October 10, 2022
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш