- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көп нәрсені сұрар...
"Көп нәрсені сұрар едім". Танымал журналист Назарбаев туралы айтты
Танымал журналист, "Хабар" телеарнасының директоры Жайна Сламбек экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алған жағдайда не туралы сұрауға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол журналист Асхат Садырбайдың Paradox бағдарламасында айтты.
"Нұрсұлтан Назарбаевты микрофон ұсынып, жазып алу керек деп ойлаймын. Ол ешқандай адвокаттық тұрғыдан емес. Сол адамның өзінің ойы қандай, неге солай істеді, қай жерде қателестім деп ойлайды өзі? Соны өзінің аузынан жазып алып қалу керек. Сол жағынан сұхбат керек деп ойлаймын. Міндетті түрде бүкпесіз әңгіме жазылып қалуы керек", - дейді журналист.
Жайна Сламбек егер Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алуға ұсыныс түссе келісетінін айтады.
- Және көп нәрсені сұрар едіңіз, иә?, - дейді журналист Асхат Садырбай.
- Иә, - дейді Жайна Сламбек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина