Қазақстандық дизайнер, суретші Құралай Нұрқаділова 15 жыл бұрын өмірінің ауыр өткенін тіпті ауру-сырқауға көп тап болғанын жеткізді. Бұл туралы дизайнер "Қыздар-ай" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құралай" сән үйінің негізін қалаушы Құралай Нұрқаділова іштегі шындықты шығара алмағанын айтты. Тіпті тілін жұтып қойып, емшіге қаралғанын жеткізді.
"Анам айтпақшы басыңа бір қайғы келсе, оны 6 сағат ішінде адам жан дүниесінен шығарып тастамаса, онда ол адам ауруға шалдығады. Жеке тұлға іштегі эмоциясын шығара білу керек. Менің өзім көп жылдар бойы көптеген қиындықты өзімде ұстадым. Менің ешқандай ауруым жоқ бірақ мен тұншығатынмын. Оған себеп менің ішімде шындықты ұстағаным, оны айтпаймын дегенім. Тіпті шындықты шығармағаным сонша бір кездері тілімді жұтып қойған кездер де болды. Бірақ сол кезде емші көмектесті", - дейді ол.
Стилист Құралай Нұрқаділова әкесінен кешірім сұрап үлгермегенін айтты.
© newsztb
"15 жыл болды мен телефонмен сөйлескенде, адаммен сөйлескенде өте байқап сөйлесемін. Әлеуметтік желіде артық нәрсе жазбаймын. Мен көп нәрседен шаршадым. Әкем ол өмірге кетпей тұрып, 2 ай бұрын маған келді, біз сөйлестік. Мен ол кезде көп ашыла сөйлесе алмадым. Көп сөздерді әкем айтып отырды. Сол кезде мен әкемнен кешірім сұрағалы жүргенмін. Кешірші мені папа кешір. Әттеген-ай, бірақ мен кешірім сұраймын деп жүргенде жайсыз хабарды алдым. Ертең хабарласып кешірім сұраймын, ертең, ертең деп жұргенде әкемнен кешірім сұрап үлгермедім. Бірақ мені кешірді деген ойдамын",- дейді Құралай Нұрқаділова.
Айта кетейік, бұған дейін біз Мақпал Жүнісова мен Құралай Нұрқаділова жанжалдасып қалғаны туралы жазған болатынбыз
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!