- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көп жылаймын". Әнші...
"Көп жылаймын". Әнші Мақпал Исабекова отбасылық өмірдегі қиыншылықтары туралы айтты
Танымал әнші Мақпал Исабекова отбасылық өміріндегі қиыншылықтарға байланысты психологқа барып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Желідегі парақшасында жазды. Әншінің айтуынша, күйеуімен түсініспеушіліктердің салдарынан соңғы кезде көп жылайды.
"Психологпен кеңестен кейін. Бүгін көп жыладым, өйткені жанымда ауырпашылық көп. Себебі - күйеуіммен түсініспеушілік. Отбасылық өмір - байланысты үзіп алмау, сөйлесіп, келісімге келе алу. Өкінішке қарай, бұл әрдайым біздің қолымыздан келе бермейді. Мені ешкім естімейтіндей көрінеді.
Тұрмысқа шығып, ана болсам да, мен әйел болып қала беремін. Алайда ер адамдар мұны ұмытып кететін секілді.
Менің қалауым, уайымым мен қорқынышымды құнсыздандырып, елемеу мені тығырыққа тіреп, айтқым келмейтін реніш пен ашуды тудырады. Мен жел диірменімен күресіп жатқан сияқтымын, ешнәрсенің мағынасы жоқ сияқты", - деп жазған әнші.
Айта кетейік, бұған дейін танымал әнші Мақпал Исабекова ана атанғаны туралы хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Паскаль заңы қалай тұжырымдалады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә