Салауатты өмір салты денсаулықтың кепілі. Алайда күнделікті әдетіңіздің кесірінен ауырып қалуыңыз мүмкін екенін білесіз бе? Бұл туралы интегративті нутрициолог, дәрігер Ұлжалғас Тұрғынбайқызы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның сөзінше, бұл әдеттер сізді ауруға шалдықтырады.
- Тамақтанып отырып су ішу - ол астың асқазанда шіруіне әкеп соқтырады, салдарынан иммунитет төмендеп, адам көп ауырады;
- Тәттілерді көп жеу - құрамында ұн, қант бар тағамдарды шамадан тыс жеу иммунитетті 70 пайызға төмендетеді;
- Ұйқының дұрыс болмауы - ұйқы деннің сау болуында маңызды рөл атқарады, ал ұйқының қанбауы ішек флорасын бұзады;
- Стресстің жоғары деңгейі - ағзаға түсетін стресс ағза жұмысын нашарлатады.
Айта кетейік, бұған дейін бауырды зақымдайтын нашар тұрмыс әдеттер хабарланған болатын.
- Үнемі көңілсіз жүру, ызаға булығу;
- Беталды дәрі ішу;
- Арақты көп ішу;
- Ұйқының жеткіліксіз болуы;
- Майлы тағамдарды көп жеу;
- Түнгі қонағасының көбеюі;
- Темекі тарту
Тағы да оқи отырыңыздар: 2026 Қысқы Олимпиада қай елде өтеді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз