Бүгін - бельгиялықтар асырап қазақтың баласы Эдди Жанның туған күні. Ол "1001 түн" бағдарламасында биыл бәрі басқаша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Эдди Жан әлеуметтік желідегі парақшасында "Достар, 17 қаңтар- менің туған күнім! Әлде мен туғанда менің орныма ауысқан баланың туған күні ме?.." деп жазған еді. Ол бұл жазбасының мағынасын түсіндірді.
"Бұл жазбаны біраз эмоцияға беріліп жаздым. 17 қаңтар менің туған күнім болып қала бермек, мен солай сеземін", - дейді ол.
Сондай-ақ, ол бұған дейін туған күнін қалай тойлағанын айтты.
"Кішкентай кезімде мені асырап алған анаммен бірге өткізетінмін. Ал есейген уақытта достарыммен болатынмын", - дейді бала.
Оның айтуынша, биыл бәрі басқаша сезілгенін, тілек айтып жатқан қазақстандықтарға алғыс айтты.
"Бұл жыл басқа жылдан ерекше, бірақ оның себебі маған сонша адамның хат жазып жатқаны емес, биыл мен жалғыз емес екенімді сезіндім. Себебі бүгінгі күнге дейін өзімді жалғыз сезінетінмін. Жақындарым да құттықтап жатыр, көп адам туған анамды тауып, Қазақстанға қайтып келуімді тілеп жатыр", - дейді Эдди Жан.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!