"Көп адам біледі". Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

"Көп адам біледі". Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
Фото: instagram.com/bidash_official?

Танымал әнші Балжан Бидаш "Оян" телебағдарламасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бүгінде шығармашылығына көбірек назар аударып жүргенін жеткізді.

"Жалпы менің жеке өміріме қатысты жаңалықты көп адам біледі деп ойлаймын. Сондықтан қазіргі кезде жеке өмірге көңіл бөлуге ешқандай жоспар жоқ. Мен жұмысқа көбірек назар аударып жүрмін, кішкене демаламын", - деп жауап берді әнші.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ампер заңы қалай тұжырымдалады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә