Концертке билет сатып аларда сақ болыңыз: ІІМ ескерту жасады

Концертке билет сатып аларда сақ болыңыз: ІІМ ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

Ішкі істер министрлігі азаматтарды концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билет сатып алу кезінде мұқият болуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Интернетте билет сату немесе алып-сату бойынша күмәнді ұсыныстар кездесуі мүмкін.

"Интернет желісінде концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билет сатып алу немесе алып-сату бойынша жалған хабарландырулар, сондай-ақ, делдалдардың ұсыныстары кездесіп жатады. Алаяқтар билет сатып алуда көмек ұсынады немесе оларды қымбатқа сатады. Одан бөлек, жалған билеттер таратуы да мүмкін. Оларға сенген адамдар ақша аударып, соңында билетсіз қалуы ықтимал. Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырады, кез келген іс-шараға билетті тек ресми әрі тексерілген жерлерден сатып алуды ұсынады", - деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget