Жамбыл облысында жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл облысы Полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзудың бірнеше дерегін анықтаған.
"Жолаушылар өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, жүріп келе жатқан көліктердің терезесінен денесін сыртқа шығарған. Мобилограф қатар келе жатқан көлікті бейнекамераға түсіру үшін көліктің терезесінен беліне дейін шығарып тұрған", - деді Жамбыл облысы ПД өкілі.
Полиция дер кезінде қауіпті әрекетті тоқтатқан. Көлік жүргізушілері жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!