Бизнес-тренер, психолог, нейротрекер, кризисолог Қуаныш Шонбай өзінің қызметтері туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Түнгі студия" бағдарламасында бөлісті.
"1 сағаттық консультациям 1 миллион теңге. Ал 5-6 ай қасында жүріп, консультация беру 11 миллион теңге болады. 1 миллион теңге төлеген адам 1 миллион теңгелік өнім алады. 11 миллионды төлеген адам, соны ақтау керек деген ойында тұрады. Біз тегін нәрсе көп береміз. Мәселен бүгін 187 адамды тегін консультацияға шақырдық, 30 адам келді. "Тегіннің қадірі болмайды" деп айта бергеннен жауыр шықты ғой. Әйипесе, бұл - шындық. 11 миллион төлеген адам соңғы ақшасын алып келмейді ғой. Әдетте, бізде бизнес психология. Бізде бизнес-таңғы ас бар. Құны - 100 мың теңге. Біз содан тапқан табысты қорларға жібереміз", - дейді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Күміс алу деген қандай ойын?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!