Конституциялық реформалардың негіздері мен ерекшеліктері қандай?

Конституциялық реформалардың негіздері мен ерекшеліктері қандай?
Фото: e-history.kz

«Қазақстан Республикасына өзгерістен мен толықтырулар енгізу туралы» заңның мәтіні massaget.kz сайтында жарияланған болатын. Конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері мынадай:
- Қолданыстағы саяси модельді жүйелі түрде трансформациялау;
- Билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың оңтайлы балансын қалыптастыру;
- Мемлекет пен қоғамның тиімді диалогын құру;
- Қазіргі Конституцияда 99 бап бар.
33 бапқа түзетулер енеді (Бұл Конституцияның 3/1 бөлігі өзгереді деген сөз)

Конституциялық реформа – қоғамның сұранысы мен ұсынысына негізделген Президенттің саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру.

Конституциялық реформаның бағыттары:
1. Суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып президенттік республика моделіне өту;
2. Биліктің бірқатар өкілеттілігін қайта бөлу;
3. Парламенттің рөлі мен мәртебесінің өзгеруі;
4. Халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейту;
5. Азаматтардың құқын қорғау тетіктерін күшейту;

Суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып президенттік республика моделіне өту:
1. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттілігі кезеңінде саяси партияға мүше болмауға тиіс.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызмет атқаруға, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басшы болуға құқы жоқ.
3. Тұңғыш Президенттің президенттік лауазымға шексіз ұсынылу құқығы алынып тасталады.
4. Тұңғыш Президенттің өкілеттілігіне қатысты барлық норманы алып тастау.
5. Тұңғыш Президенттің өзгеріссіз қалған Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы деген мәртебесі алынып тасталды. Конституцияда «Елбасы» және «Тұңғыш Президент» термині жоқ.
6. Президенттің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері актілерінің күшін жою не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұру жөніндегі өкілеттіктерін алып тастау.
7. Президент Сенаттың 15 депутатын емес, 10 депутатын тағайындайды. Ал оның 5-еуі Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындалады.
8. Президент облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін өңір (қала) мәслихаттарының барлық депутаттарының келісімін ала отырып баламалы негізде (кемінде екі кандидатура ұсыну арқылы) тағайындайды.
9. Президенттің аудан, қала, ауылдық округ әкімдерін қызметтен босату жөніндегі өкілеттігін алып тастау

Биліктің бірқатар өкілеттілігін қайта бөлу:
- Президент облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін өңір (қала) мәслихаттарының барлық депутаттарының келісімін ала отырып баламалы негізде (кемінде екі кандидатура ұсыну арқылы) тағайындайды.
- Конституциялық Сот төрағасын және Жоғары Сот Кеңесі Төрағасын Президент Парламент Сенатының келісімі бойынша тағайындайды.
- Конституциялық Соттың құрамы былай жасақталады: 6 судьяны Парламент (Мәжіліс пен Сенат 3 мүшеден), 4 судьяны Президент тағайындайды. Төрағаны Сенаттың келісімімен Президент тағайындайды.
- «Мемлекеттік хатшы» институты «Мемлекеттік кеңесші» институты болып қайта құрылады, ол ішкі саясат мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар береді.

Парламенттің рөлі мен мәртебесі:
- Конституциялық заңдар Парламент Палаталарының бірлескен отырысында, кемінде екі оқылымда қабылданады.
- Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті қорғауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Республика Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің дереу қарауына жатады. Аталған заң жобалары қаралып жатқанда республика Үкіметі заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға құқылы.

Сенат:
- Конституциялық Сот төрағасын және Жоғары Сот Кеңесі Төрағасын Президент Парламент Сенатының келісімі бойынша тағайындайды.
- Президент Сенаттың 15 депутатын емес, 10 депутатын тағайындайды. Ал оның 5-еуі Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындалады.

Мәжіліс:
- Мәжіліс заңдарды қабылдайды (бұрын заң жобаларын қарады және мақұлдады), ал Сенат заңдарды мақұлдайды/мақұлдамайды (бұрын Сенат заң қабылдады).
- Мәжіліс енді 107 депутаттан емес, 98 депутаттан жасақталады.
- Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесі негізінде жасақталады: оның біріншісі, біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесімен, екіншісі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.
- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып қайта құрылады. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Мәжілісте жылына екі рет есеп береді.
- ҚХА-ның Мәжілістегі квотасы жойылады.
- Сайлаушылардың бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының мандатын кері қайтарып алу мүмкіндігі пайда болады.

Халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейту:
- Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады.
- Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесі негізінде жасақталады: оның біріншісі, біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесімен, екіншісі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.
- Президент облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін өңір (қала) мәслихаттарының барлық депутаттарының келісімін ала отырып баламалы негізде (кемінде екі кандидатура ұсыну арқылы)тағайындайды.
- Сайлаушылардың бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының мандатын кері қайтарып алу мүмкіндігі пайда болады.Азаматтардың құқын қорғау тетіктерін күшейту:
- Конституциялық кеңес Конституциялық сот болып қайта құрылады.
- Конституциялық Сот азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды.
- Өлім жазасына тиым салынады.
- Прокуратура туралы заңға конституциялық мәртебе беріледі.
- Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заңға конституциялық мәртебе және оған Конституциялық кепілдіктер беріледі. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституциялық сотқа жүгінуге құқылы.
- Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған сот актісінің негізінде ғана мәжбүрлі еңбекке жол беріледі.

Конституцияға енгізілген түзетулердің тарихы:
- 1995 жылы республикалық референдумда Конституция қабылданды.
- 1998 жылы Парламент арқылы түзетулер енгізілді.
- 2007 жылы Парламент арқылы түзетулер енгізілді.
- 2011 жылы Парламент арқылы түзетулер енгізілді.
- 2017 жылы Парламент арқылы түзетулер енгізілді.

Неге референдум?
11 қаңтар күні
Президент қазақстандықтарға «Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық!» деп үндеу тастады.

16 наурыз күні Президент қоғамның сұранысына негізделген және сарапшылардың (оның ішінде ҰҚСК мүшелері мен өңірлердің) пікірі мен ұсыныстары ескерілген саяси реформалар бағдарламасын ұсынды.

22 сәуірде жұмыс тобы (белгілі ғалымдар, заңгерлер, құқықтанушылар) саяси реформаларды іске асыру үшін Конститцияға өзгерістер мен толықтырулардың жобасын әзірледі.

29 сәуірде Президент конституциялық реформаны бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдау туралы шешім шығарды.

Т. Есқали