Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын жариялады

Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын жариялады
Фото: consot_kz

Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасын дайындады. Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында қаралды. Оны дайындау кезінде кейінгі 6 айда түскен азаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ, комиссия мүшелерінің пікірі, ескертулері мен ұсыныстары ескерілген.

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.

"Конституцияның Преамбуласы толық жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты", – деді ол.

Бақыт Нұрмұханов адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танылғанын айтты.

Еске салайық, Волонтерлер форумында Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия отырыстарында Ата Заңымызға қатысты көптеген прогрессивті, инновациялық ұсыныс берілгеніне назар аударды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget