- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Конституцияға түзету енгізілді...
Конституцияға түзету енгізілді
Фото:
tobyl-torgai.kz
Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлады Ақорда Twitter парақшасында.
“Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды”, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын парламент заңды қабылдап, президенттің қол қоюына ұсынған еді. Нұрсұлтан Назарбаев заңның Конституцияда бекітілген құндылықтарға сәйкестігін тексеру үшін Конституциялық кеңеске ұсынған болатын. Конституциялық кеңес қорытындысы бойынша, заң Қазақстан Республикасының Конституциясына, оның ішінде конституциялық құндылықтарға, республиканы басқару формасы мен қызметінің негізгі қағидаттарына сәйкес келеді.
Р. Роза