Жаз айының соңында-күздің алғашқы күндері қазақстандықтар екі мерекеге орай демалатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2017 жылға арналған мерекелік және демалыс күндергі күнтізбеге сәйкес, жыл сайын 30 тамызда атап өтілетін Конституция күні биыл сәрсенбіге түсіп тұр. Сәйкесінше, қазақстандықтар бір күн ғана демалатын болады.
Ал мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні биыл 1 қыркүйек - жұмаға сәйкес келеді. ҚР Еңбек кодексінің 84-бабы 5-бөлігінде Қазақстандағы діни мерекелер демалыс күн ретінде белгіленген.
Осылайша, сәрсенбі - демалыс, бейсенбі жұмыс күні, жұма - Құрбан айтқа орай демалыс. Одан әрі сенбі және жексенбі күнгі демалыстар (2 және 3 қыркүйек) бар. Демалыс күндерді ауыстыру қарастырылмаған.