- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Консерваториядан кісен салып,...
"Консерваториядан кісен салып, алып кеткен кез болды". Бауыржан Исаев өміріндегі қиын сәтін еске алды
Танымал әнші Бауыржан Исаев өміріндегі қиын сәті туралы еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол ХабарLike бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. Ол 2000 жылдардың басында біреулер шығармашылығына шектеу қойып, тіпті қылымыстық іс қозғалғанын айтты.
"Маған қылмыстық та іс қозғалған болатын. Консерваториядан кісен салып, алып кеткен кездер де болды. Сөздің ашығы, оны халық білмейді. Алматының Ішкі істер департаментінде отырдық. Сол кезде бір ағамыз алып шыққан болатын. Ол сынақтан да өттік", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін ол 2000 жылы әншінің шығармашылығына ресми түрде шектеу қойылғанын айтты.
"Бүгін алғаш рет айтайын деп жатырмын. Бұл ақпаратты сіздерге жеткізгім келеді. Негізі 2000 жылдары менің шығармашылығыма ресми түрде шектеу қойылған болатын. Ол кісілердің атын атамай-ақ қойсам да болады. Ол кісілер осы бірнеше жыл бұрын дүниеден озды. Сол кезде ресми түрде Бауыржан Исаевтың шығармашылығына шектеу қойылып, тыйым салынған. Бүкіл өңірде облыстық әкімдерге хабарласып, менімен жұмыс істемеуді бұйрық ретінде шығарған болатын. Cол үшін мені концерттерге шақыруды қойды, одан бөлек бүкіл Қазақстандағы радиолардан, теледидардан менің әндерімді, бейнебаяндарымды алып тастаған", - деді Исаев.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек