- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Консерватория ректоры Мәдениет...
Консерватория ректоры Мәдениет комитетінің төрағасы болды
Арман Жүдебаев Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Мәдениет комитетінің төрағасы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Арман Әділханұлы Жүдебаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін осы қызметті атқарған Роза Кәрібжанова берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылған.
Арман Жүдебаев 37 жаста, ол Алматы облысының тумасы. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы "Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі" мемлекеттік кәсіпорнында бастаған. "Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы" РМУ дирижерлық кафедрасында да сабақ берді.
Арман Жүдебаев 2011-2013 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында оқытушы, кафедраның аға оқытушысы қызметтерін атқарды. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері де болды.
Жүдебаев 2018 жылғы маусыман қазірге дейін Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан