Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде әлемдегі ең ғажап жігіт туралы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен үшін әлемдегі ең ғажап жігітпен түскі ас ішеміз. Сосын ол маған үй шаруасына көмектесемін деп уәделеп отыр", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Кейін актриса ұлының үй тазалауға көмектесіп жатқан видеосын жариялады.
Екі ұлдың анасы Жұлдыз Әбдікәрімова дүйсенбіні екі ұлына арнағанын айтқан.
"Әзірге шамам осы екеуіне жетіп тұр. Қыздар ұстатпайды. Үй көмекшілерім және супер силам осылар. Негізі екі жігітті бүгін мектепке дайындаймын деген жоспар болған. Нарұл ұстатпай қашып кетті", - деген ол кіші ұлымен мектеп формасын алуға барғаны туралы видео салды.
Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, ұлы Ханның көңілінен шығу қиын екен. Сондықтан баласын тек өзі қалайтын дүкенге апарады екен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!