Актриса Гүлназ Жоланова әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Өнер иесі жеке өміріне қатысты мәселелерді де атап өтті,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, отбасылық өмірін көрсетуге рұқсат жоқ.
"Отбасылық өмірім керемет. Көңілімнің бәрі отбасымда десем болады. Ал оны бөлісуге рұқсат жоқ", - деп жазды актриса.
Сондай-ақ, ол "тұрмысқа шықпай қалсам не болады" деген қорқыныш болмағанын атап өтті.
"Қорқыныш болған жоқ. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Олай қорқып жүргенше қыздар қыдырыңыз, оқыңыз, демалыңыз, саяхаттаңыз, өзіңізбен арпалысыңыз" , - деп жазды ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!