- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көңілім босап, жылап...
"Көңілім босап, жылап алдым". Қазнетті тойдағы тосынсыйдың видеосы тәнті етті
Қазнетті әкесінің 50 жас мерейтойына тосынсый жасап келген жігіттің видеосы тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода Teddy киімін киіп шыққан жігіт көрінеді. Той Ақтауда өткен.
"Баласының тосынсыйы. Келмеймін деп тойына келді", - делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары әкесі мен баласының сағына қауышқан сәті керемет көрініс екенін жазған.
"Керемет. Көзіме жас келді", "Баласын көргендегі қуанышы бөлек-ай. Бала сияқты", "Туу, бір жылап алдым ғой", "Керемет көрініс, көңілім босап, жылап алдым", "Қуаныштан бір жылап алдым", - деген Желідегілер.
Ал Тимур есімді асаба тойды жүргізгенін, расында да, бұл сәт ерекше болғанын жеткізген.
"Мен сол кешті жүргізген асабамын. Сол сәттегі әкесінің сезімін қуанышын сөзбен айтып жеткізу қиын, керемет жандар екен", - деген ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова