Көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген әкім бостандыққа шықты

Батыс Қазақстан облысында 2016 жылы өз көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев бостандыққа шықты. Сол жылы ол 11 жылға сотталған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Экс-шенеуніктің үкімі 2024 жылғы сәуірде шартты жазаға ауыстырылды, бірақ бұл  туралы қазір ғана белгілі болды. Сотталушы өтелмеген жазаны шартты жазамен ауыстыру туралы өтінішпен жүгінген. Серікқалиев сот тағайындаған 11 жылдың 8 жылын өтеген, мерзімі 2027 жылғы 14 наурызда аяқталуға тиіс болатын.

Сотта Серікқалиев жазасын өтеу кезінде тәртіп бұзбағаны, жұмыс істегені, іс-шараларға қатысқаны, 15 рет көтермелеу алғаны анықталды. 

Еске салайық, 2016 жылғы 23 ақпанында Теректі ауданының бұрынғы әкімінің көңілдесіне екі ер адам шабуыл жасап, пышақтап кеткен болатын. Әйел аман қалып, жүргізушінің Теректі ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болғанын айтты. Сот барысында Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Қожамұратовты өзінің көңілдесін өлтіруді өтінген. Себебі екеуінің қызы бар, көңілдесі оны бопсалаған. Өз кезегінде Қожамұратов бұйрықты орындаушы болып, әйелді өлтіру үшін жүргізушісін 500 мың теңгеге жалдаған.

Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев пен оның сыбайластарына үкім 2016 жылғы 1 қыркүйекте шыққан. Олар 10 жылдан 11 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу жазасына кесілді.

Сот отырысынан кейін жәбірленуші Жеңіс Серікқалиевті кінәсіз деп санайтындықтан, үкімге шағымданатынын айтқан еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз