Қырғызстанның парламент депутаты Дастан Бекешев "Қырғыз Республикасы президенті қызметінің кепілдіктері және Қырғыз Республикасының экс-президентінің мәртебесі туралы" заңға түзетулер енгізу туралы айтты. Баяндама барысында депутат елдің экс-президенттері туралы өткір пікір айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Депутаттың сөзінше, құжаттағы кейбір нормаларды түзету қажет. Бекешев экс-президенттерге бюджет есебінен және өмір бойы мемлекеттік күзет беру туралы тармақты мысалға келтірді. Депутат экс-президенттерге мемлекеттік күзетті қалдыру керек деп санайды, бірақ алғашқы бес жылы ғана тегін болып, содан кейін қызмет ақылы болуы керек.
Дастан Бекешев сондай-ақ экс-президенттердің мемлекеттік резиденцияда тұру құқығы туралы 2-бапты түзету туралы ұсыныс жасады. Депутат заңның қолданысын Республиканың "экс" мәртебесі бар бұрынғы басшыларына қолдануды ұсынады. Депутат оларға жаңа тұрғылықты жерді анықтауға және көшуге уақыт беру керек деп санайды.
Бірақ депутат заң жобасы елдің Жогоргу Кенешине дейін жетпеуі мүмкін немесе мемлекет басшысы қол қоймауы да мүмкін деп есептейді.
"Біздің елімізде экс-президенттер мемлекеттің "көңілдес әйелі" секілді, ал оны салық төлеушілер асырауға мәжбүр", - дейді депутат.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!