Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова баласы қамауға алынған күннен бастап әлеуметтік желіде күн сайын ішкі сырын ақтаруды әдетке айналдырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайрат Нұртас қамауға алынған сәттен бастап анасы әлеуметтік желідегі парақшасында жан-жақтан келген түрлі жағымды-жағымсыз пікірлерді жариялап, жауап жазып отыратын.
Қайрат Нұртастың өнердегі жолы, тыңдарманның ықыласына бөленген сәттері туралы да жазатын. Тіпті, кейде көшеге шығып ән айтқан полиция қызметкерлерін сынап "Әншілерді қамап тастап, өздері шығыпты ғой. Жарайды, әзірге осы жігіттер Қайрат Нұртастың орнына ән айта тұрсын",- деп жазған еді.
Бүгін Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың қайырымдылық жасаған сәттерінен контент бөлісіп, "Көңіл-күйіміз түспесін, бәрі жақсы болады. Армандар орындала берсін", - деген жазба қалдырды.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас құқықбұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!