Алматы қаласының №7 ҚКА-ның травматолог дәрігерлері 105 жастағы қарт әжеге ота жасады. Науқас сәтті жасалған отадан кейін үйіне шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қаласының 7 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайкүл Кейдарова 105 жаста. Өз дәуірінде, ел тарихында тұтас бір дәуірді көрген алматылық қарт әже жамбас сүйегінің жоғарғы бөлігін сындырып, №7 ҚКА-ға шұғыл түрде жеткізілді. Хирургиялық отасыз ол бұл ауырсынуды көтере алмауы және бұл диагноз ол үшін өлімге әкелуі мүмкін еді.
Политравма бөлімшесінің меңгерушісі Рамазан Аскеровтың айтуынша, 1918 жылы туған пациентті жан-жақты аспаптық тексерулерден өткізгеннен кейін, орнынан жылжыған жамбас сүйегінің жарықшақтанған сынығына ота жасалады. Заманауи аз жарақатты хирургиялық араласу жүргізілді: жабық репозиция, жамбас сүйектің проксимальды бөлігін сүйек сынығын бекіту, гамма өзегі. Пациент ота жасалғаннан кейін 2 күн өткеннен кейін тірек арбаға сүйеніп аяғына тұрды.
№7 ҚКА-ның баспасөз қызметі мәліметінше, қазіргі заманауи медицина көш ілгері басты. Өйткені жақында қарт адамдар жиі операциядан бас тартатын еді. Алайда арнайы металл конструкцияларын қолданатын аз инвазивті хирургия және жұмсақ анестезия біздің науқасымызды емдеуге көмектесті.
"Біз пациенттің өмірі үшін үлкен жауапкершілікті сезіндік және жас ерекшелігіне байланысты ағзасы анестезияны қалай қабылдайтынын уайымдадық. Өз тарапымыздан әженің өз аяғымен үйіне оралуы үшін барлық мүмкіндікті жасадық", - деп атап өтті №7 ҚКА-ның реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Есенай Еспенбетов.
Айта кетейік, жабық жамбас сынықтары тірек-қимыл аппаратының ең ауыр жарақаттарының бірі болып саналады. Көбінесе олар қатты ауырсыну синдромымен, көп қан жоғалтумен бірге жүреді және шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет етеді. Жамбастың шамадан тыс сынуы бар егде жастағы адамдарға уақытылы медициналық көмек көрсетілмесе, соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Сайкүл әже ота жасау кезіндегі қиыншылықтарды жақсы көтерді, операциядан кейінгі кезеңде жақсы көңіл күйде болды, ол дәрігерлер мен №7 қалалық аурухананың басшылығына шын жүректен алғысын жаудырып, батасын берді.