- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көңіл айтуды жөн...
"Көңіл айтуды жөн санадым". Әлихан Смайылов Болат Назарбаевтың жаназасына баруына қатысты пікір білдірді
Премьер-министр Әлихан Смайылов Болат Назарбаевтың жаназасына баруына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жаназаға баруыңыз азаматтық позиция ма әлде хаттама ма?", - деп сұрады журналист.
"Ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүр бар. Қайтыс болған адамның жақындарына, туыстарына көңіл айту. Сондықтан мен премьер-министр ретінде тұңғыш президентке көңіл айтуды жөн санадым. Оның үстіне мен сол түні Алматы қаласына іссапармен бардым. Маңызды жобаны бастадық. Ол Алматы қаласының айналма теміржолының құрылысының бастамасы болды. Сонымен қатар, жаңа атап өткенімдей тұңғыш президентке көңіл айтуды жөн санадым", - дейді премьер-министр.
Еске салайық, 14 қарашада Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өткен болатын.
Ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, інісі Болат Назарбаевтың жасаған жақсылықтары туралы сөз қозғады.
Артынша премьер-министр Әлихан Смайылов та сөз сөйледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина