Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әлем кубогында үшінші орынға ие болды

Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әлем кубогында үшінші орынға ие болды
Фото: olympic.kz

Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Томашув-Мазовецкийде (Польша) өткен Әлем кубогының кезеңінде қола медальға қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл сайыста ел намысын Анастасия Беловодова, Арина Ильященко және Алена Лифатова қорғады. Отандастарымыз командалық жарыстарда үшінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, бірінші орынды Германия иеленсе, екінші орынды Норвегия жеңіп алды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан