Коньки немесе шаңғы тебу арқылы қанша калория жағуға болады?

Жаңажылдық дастарханнан кейін өзіңізді қалыпқа келтіруге қысқы белсенділіктер мен далада серуендеу көмектесе алады. Мысалы, коньки немесе шаңғы тебу. Олар көңіл күйді көтеріп қана қоймай, жақындарыңызбен жақсы уақыт өткізуге және калория жағуға көмектеседі. Свердлов ауруханасының дәрігерлері қысқы белсенділіктер арқылы қанша калория жағуға болатынын есептеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Коньки тебу

Мұздың үстінде конькимен бір сағат белсенді жүру арқылы 300 калориядан 500 калорияға дейін жағуға болады. Оған қоса, коньки тебу координацияны және тепе-теңдік сақтауды дамытуға жақсы көмектеседі.

Шаңғы тебу

Бір сағат шаңғы тепкен кезде 400 калориядан 600 калорияға дейін жағылады: оның мөлшері сіздің жылдамдығыңыз бен маршрут қиындығына байланысты. Оған қоса, шаңғы тебу - керемет кардиожаттығу: ол жүрекке пайдалы.

Аққала жасау

Бұл қарапайым нәрсе де физикалық қозғалысты қажет етеді. Балалармен аққала жасау арқылы бір сағатта 200-300 калория жағуға болады.

Оқи отырыңыз: Көпшілік біле бермейтін іштегі майды кетіретін өнімдер

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!