Конгода Эбола індетінен 4 мыңнан аса адам қайтыс болды

Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті 8 мыңнан аса жағдай расталып, 4 мыңға жуық адам қайтыс болған. Жағдай жергілікті қарулы топтар арасындағы қақтығыстарға байланысты одан әрі күрделеніп отыр. Бұл дәрігерлердің жұмысына да кедергі келтіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Кейінгі ресми мәліметке сәйкес, мамыр айынан бері 8 300 адамның Эбола жұқтырғаны расталып, соның 4 018-і қайтыс болған. Ал 2 162 адам аурудан айыққан.

Дәрігерлердің айтуынша, кейбір провинция тұрғындарының билікке деген сенімсіздігі медицина қызметкерлерінің жұмысын қиындатып отыр. Бұған қоса, қарулы қақтығыстар медициналық көмек көрсетуге де кедергі келтіріп отыр. Кейінгі күндері жергілікті қарулы топтар арасында бірнеше рет ауыр қақтығыс болған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!