Қазақстанға Конго Республикасының президенті Дэнни Сассу-Нгессо келді. Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі оны Астана әуежайынан күтіп алған сәттің кадрын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәртебелі мейманды премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды.
Африка елінің басшысы мінген кортеж Астананың орталық көшелерімен жүріп өтті.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамызда Конго Республикасының Президенті Денис Сасу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келетіні айтылған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!