Конго президенті "Ақорда" резиденциясына келді

Конго президенті "Ақорда" резиденциясына келді
Фото: Ақорда

Конго Республикасының Президенті "Ақорда" резиденциясына келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны "Ақорда" резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина