Ауа температурасы жоғары болған сәтте көптеген адамдар өздерін жайсыз сезінеді. Үнемі ауа баптағышты қосып отыру қолайсыз. Желдеткіш немесе ауа баптағыш болмаған сәтте бөлмені салқындатудың бірнеше тиімді әдісі бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ria.ru-ға сілтеме жасап.
Егер пәтерде төбесі аласа, терезе мен кішкентай бөлмелері көп болса, ыстық одан сайын қатты сезіледі. Ал пәтер соңғы қабатта, ыстық шатырдың дәл астында орналасса, тіптен қиын. Кондиционер немесе желдеткіш болмаса, бөлмелерді салқындатудың бірнеше әдісін ұсынамыз:
Терезелерді қараңғылау
Бөлмені ыстықта салқындатудың жақсы тәсілі - терезені арнайы шағылыстыратын пленкамен қараңғылау. Пленканы сатып алу кезінде жарық өткізгіштігін, инфрақызыл сәулелермен шағылысу деңгейін ескеру қажет. Бұл бөлмеге қанша жарық түсетініне байланысты болады.
Фольганы қолдану
Сонымен қатар, фольга бөлмені жоғары температурадан жақсы қорғайды. Ол үшін 5 немесе 6 метр фольга орамасын сатып алып, терезелерді ішкі жағынан толығымен жабыстыру керек. Әсіресе, бұл әдіс терезелер оңтүстікке қарайтын болса, ыңғайлы. Фольгамен орағаннан кейін терезелерді жауып, шағылыстыратын материалды көрсетпеуге болады.
Мұзды пайдалану
Үйді салқындатудың жақсы тәсілі - мұздатылған су бөтелкелері. Мәселен, 5-6 литр мұздатылған су температураны кем дегенде 3 градусқа немесе одан да көп төмендетуге көмектеседі. Ауаны салқындату үшін оларды сөреге немесе желдеткішке қарама-қарсы қою керек.
Ыстықта салқындатудың ерекше әдістеріне тоқталайық:
1. Еденде ұйықтау. Бөлменің төменгі жағында салқын ауа әрқашан жиналып тұрады. Сондықтан ыстық түнде терезелерді ашып, еденде ұйықтауға болады.
2. Кейбір дереккөздерде жастықты қарақұмықпен толтыру керек екенін айтылған. Өйткені ол жылуды қалыпты түрде ұстамайды. Дегенмен бұлай ұйықтау ыңғайлы болмауы мүмкін.
3. Көбісі ыстық ауа-райында суық су ішуге тырысады, бірақ бұл дұрыс емес. Суық су ішу кезінде дДене жоғалған жылуды толтырады және қызады. Сондықтан, ыстық шай немесе жылы су ішкен дұрыс.
4. Жеке үйде қабырғаларды сыртынан ақ түске бояған дұрыс, өйткені солай жылуды аз тартады. Сондықтан, егер сіз үйдің қасбетін жаңартуды жоспарласаңыз, ашық реңктерді таңдауыңыз керек.
5. Қыздыру шамдарын жарықдиодты шамдармен ауыстыру керек. Олар қатты қызбайды.
6. Үй ішінде мақта сияқты табиғи матадан жасалған киім киген жөн. Жібек матадан тігілген киімдер әрқашан салқын болады, бірақ олар өте қымбат.
7. Түстен кейінгі демалыс Жерорта теңізі, Латын Америкасы және Азия елдерінде ыстықпен күресудің негізгі әдісі болып саналады. Мүмкіндік болса, күннің ең ыстық сағаттарында демалуға немесе ұйықтауға болады. Кейбір елдерде адамдар мұздың орнына суға лимон шырынын қосады, ол да жақсы сергітеді. Ыстықтан Таиландта суық қайнатылған кофе, ал Үндістанда қатты терлеуге ықпал ететін дәмдеуіштері көп тағам ұсынылады. Бразилияда тұрғындар ыстық ауа-райында тек ақ түсті киім киюге тырысады.
Мұндай ауа-райында үй жануарларының денсаулығын бақылау өте маңызды. Өйткені олар ыстыққа төзбейді және қатты ыстықтан өліп кетуі мүмкін. Оларда әрқашан су болғаны жөн. Сонымен қатар олардың жанына мұз бөтелкелерін қоюға болады. Егер үй жануарлары өзін нашар сезінсе, дереу дәрігерге хабарласу керек.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!