Қарағандыда қонақүйден өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, құтқарушылар қонақүйдегі өртті сөндірген.
"Бүгін Қазыбек би ауданында қонақүйлердің бірінде қаптама қабырғалары және кондиционер жанды. 13 адам алдын ала эвакуацияланды", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ күштері өрт туралы шақырту түскен сәттен бастап 23 минут ішінде өртті ауыздықтаған. Зардап шеккендер жоқ.
Ведомство өкілдері азаматтарға төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлауға кеңес берді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз