Дәрігер Станислав Ионов "Известия"-ға кондиционер астында ұйықтаудың қаупі жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кондиционер астында ұйықтайтын адамдарда ауырып қалу қаупі бар. Бұл немен байланысты? Адам денесінің температурасы тәулік бойы циркадты ырғақтармен, "күн-түн" биологиялық ырғақтарымен реттеледі. Оған қоса, күндіз ол бұлшықет және ақыл-ой жүктемесінің есебінен жоғары болады. Ал ұйқы кезінде ол шамамен бір градусқа түседі. Егер бөлмедегі ауа температурасын +15, +17, тіпті, +19 градусқа дейін салқындаса, жылу беру күшейеді. Дене температурасы қосымша түседі. Ал ол салқын тиюге және басқа да жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін. Адам таңертең тұрғанда жөтеліп және мұрны бітеліп тұруы мүмкін", - дейді ол.
Профессордың айтуынша, ауырып қалмас үшін кондиционер баптауын дұрыстап реттеу керек.
"Ғимарат ішіндегі қолайлы температура - +20...+22 градус. Кондиционерді осылай қою керек. Бұл жағынан вентилятор қауіпсіздеу. Себебі ол ауа температурасын түсірмейді, ауа ағынын түрлендіру арқылы денені суытады", - дейді Ионов.
Тұмауратып қалуға әкелетін тағы бір қателік - кондиионерлерді кереуеттің айналасына (үстіне немесе қарама-қарсы) ораналстыру.
"Олай жасамаңыз, себебі ауаның тіке ағыны жылу беруді арттырады және суық тиюге әкелуі мүмкін. Жатын бөлмедегі кондиционерді кереуеттен алыс қойған жөн", - дейді маман.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!