Қонақүйге келген астаналық азамат ұрлық жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы" ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 32 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында ер адам қаланың оң жақ жағалауында орналасқан қонақүйлердің біріне келгені белгілі болды. Түнгі уақытта қаскүнем қылмыстық ниетпен қонақүйдің қызметтік бөлмесіне заңсыз кіріп, ешкім жоқ сәтті пайдаланып, сөмкенден 31 мың теңге көлемінде қолма-қол ақша мен алтын алқаны алып кеткен. Жалпы келтірілген материалдық шығын 281 мың теңге көлемінде бағаланып отыр.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!