Қонақтары финал тамашалаған үйлену тойы қайда өткені белгілі болды

Қазнетте шу көтерген той Ақтауда өткен. Күйеу жігіт Қазақстан құрамасының және ресейлік "Зениттің" футболшысы - Нұрәлі Әліп.

Футболшының үйлену тойы 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының финалына тұспа-тұс келді. Қонақтардың да көпшілігі футболға қатысты адамдар болған секілді.

Тойда торт та футбол тақырыбында жасалған. 

Жастар тойда гендер пати де өткізген. Бірақ болашақ баласының ұл немесе қыз болатыны оқырмандарға құпия болып қалды.

Бір қызығы, қонақтар тойда тікелей эфирді тамашалап, Аргентина құрамасының голдарын тойлаған. Аргентина жеңісінен кейін залға футболдан әлем чемпионатының басты кубогының көшірмесі әкелінді, ал футболшы қонақтармен бірге оны көтеріп, жеңісті алаңдағы аргентиналықтардай тойлады.

Танымал актер әрі шоумен Жандос Самалбековтің жазуынша, Нұрәлі Әліп әдейі осылай ерекше тойлағысы келген.

@massaget.kz #франция#аргентина#әлемчемпионаты#чемпионатмира#fifa#worldcup#2022#месси#мбаппе ♬ оригинальный звук - Massaget.kz