- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қонаевтың аты аңызға...
Қонаевтың аты аңызға айналған көлігін кәсіпкер Кеңес Рақышев сатып алғаны рас па?
Дінмұхамед Қонаев атындағы қордың өкілдері Қонаевтың көлігі белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышевке сатылып кетті деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қор өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың аты аңызға айналған ЗИЛ 114 автокөлігін көрсеткіміз келіп отыр. Бұл көлік жайлы БАҚ-та жалған ақпарат тарап кетті. Автокөлік Д. А. Қонаев атындағы Халықаралық қордың меншігінде және ешқашан басқа адамдарға берілмегенін атап өткіміз келеді.
Бұл көліктің иесі Кеңес Рақышев емес, ол керісінше көлікті реставрациялауға қаржылай көмек көрсетіп жүрген адам", - дейді қор өкілдері.
Сонымен қатар, қор өкілдері Кеңес Рақышев үнемі қаржылай көмек көрсетіп тұратынын атап өтіп, алғыс айтты.
"Қонаев қаласында Қонаев-орталығының ашылуын асыға күтіп жүрміз, себебі ЗИЛ 114 автокөлігі сол музейде орын таппақ", - делінген жазбада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина