Қонаевтағы автобуста тосын жағдай болды. Жолаушылардың бірі екіншісіне пышақпен шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоның бірінде қан жоса болған адам көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, ер адамның мойны жараланған.
Қонаев қаласының полициясы мәліметінше, шабуыл жасаған адам ұсталды.
"Қонаев қалалық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 36 жастағы тұрғынын ұстап, полицияға жеткізді. Ол қоғамдық көлікте 41 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салды. Полицияда кісі өлтіруге оқталу дерегі тіркелді", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Зардап шеккен жолаушының жағдайы туралы ақпарат әзірге белгісіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!