- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қонаевта полицейлер кәріз...
Қонаевта полицейлер кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны құтқарды
Қонаевта полицейлер кәріз құдығына түсіп кеткен атты құтқарды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс орталығының жеке тұрғын үй секторларының бірін патрульдеу кезінде "Бүркіт-253" ППВ полицейлері ашық тұрған кәріз құдығына құлап қалған жылқыны байқап қалған.
Құтқару операциясы оңай болған жоқ: жануардың салмағы мен көлемі жұмысты айтарлықтай қиындатты. Алайда Ернар Омаров пен Айбек Тұрсыновтың құрамындағы "Бүркіт-253" ППВ, сондай-ақ Дархан Есімханов пен Серік Ордабаевтың құрамындағы "Бүркіт-261" патрульдік полиция взвод іс-қимылдарының арқасында жылқы аман-есен құдықтан шығарылды. Барлық жұмыстар жануарға зиян келтірмеу үшін аса мұқият орындалды.
Құтқару операциясы аяқталған соң жылқы иесіне табысталды, өз кезегінде ол полицейлерге алғырлығы және жеделдігі үшін ризашылығын білдірді.
"Біз тәртіпті сақтау үшін ғана емес, мұқтаж жандарға да көмек көрсету үшін қызмет етеміз. Осындай сәттерде біздің жұмысымыз адамдарды қорғау ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі қорғай алмайтындарға көмектесу екенін түсінеміз", – деп бөлісті Ернар Омаров.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина