Қонаевта мерзімді әскери қызметші төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен

3 тамызда Қонаев гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші төртінші қабаттың терезесінен құлап, жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Десанттық-шабуылдау әскері мәліметінше, әскери қызметші дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"Оның жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Қолда бар мәліметке сәйкес оқиғаға дейін әскери қызметші әскери қызмет өткеруіне қатысты ешқандай шағым айтпаған. Оқиға қарсаңында оның ата-анасы әскери бөлімге келіп, ұлымен кездескен. Кездесу барысында олардың тарапынан қандай да бір өтініш немесе шағым түспеген", - деп жазылған хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеріс тағайындап, арнайы комиссия құрған. Оқыс оқиғаға қатысты жағдай ерекше бақылауға алынған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!