Қонаевта жеті мың гектар жер мемлекетке қайтарылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жер телімдерін тиімді әрі мақсатты пайдалану, бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару туралы тапсырмасына сәйкес, Алматы облысының орталығында жер телімдерін түгендеу жұмыстары жүріп жатыр. Қонаев қаласында өткен жылы 15 мың гектар жер мемлекет қорына өтсе, биыл 7 мың гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады.
Жергілікті атқарушы билік өкілдері қаланың жаңадан бекітілген Бас жоспары бойынша жерін заңды түрде рәсімдеген кәсіпкерлерге қала аумағынан басқа жер телімдерін ұсынуда. Бірақ кей кәсіпкерлер бұған келіспей отыр. Кәсіпкерлер Наргез Пилтан мен Ермек Омаров 2021 жылы Қонаев қаласынан коммерциялық мақсаттағы жер телімін сатып алған.
"Ойпаңдау жерді тегістеу үшін 500-600 машина топырақ төгуге тура келді. Құм аралас топырақ сырғымасын деп, астына бетоннан құйылған 100 шақты блок тастадық. Бұл жерге қонақ үй, дәріхана, әлеуметтік дүкен сияқты халыққа қажетті нысандарды салғымыз келеді. Бірақ бізге Қонаев қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміндегілер құрылыс жүргізуге рұқсат бермей отыр", – дейді кәсіпкерлер.
"Қала жағынан урбанистер өздері перспективға сәйкес жобалағандықтан, осы жерді жасыл желек қылып кеткен. Оң шешім қабылдауға тырысамыз. Өйткені біз әрдайым бизнесты да, барлық саланы поддерживать етеміз. Мемлекетке де, кәсіпкерге де ыңғайлы бір ортасын табу ғой мақсатымыз", - дейді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Руслан Ботанбаев.
Қонаев қаласында мұндай даулы жер телімдері өте көп. Өткен жылы 15 мың гектар жер мемлекет қорына қайтарылды. Ал биыл 7 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне өтуі тиіс.
"Бүгінгі күнге 2400 гектардай жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жыл соңына дейін 7 мың гектар жоспарды толық орындаймыз деген жоспар бар", - дейді қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Исахан.
Ауыл шаруашылығы мақстандағы жерлер, ИЖС дейміз ғой, тұрғын үй құрылысы үшін берілген жерлер. Пайдаланылмай жатқан жерлердің бәрін инвентаризация жүргізілуде бүгінгі күні.
"Жоспар орындау керек" дегенді алға тартып, кәсіпкерлерді адал еңбек, маңдай терімен сатып алған жерінен айырмаймыз. Оларға қала аумағынан басқа жер телімдері ұсынылады", – деді қалалық әкімдіктегілер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!